{metadescription}
Маман үйдегі розетканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтты

Маман үйдегі розетканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтты

Электромагниттік сәулелер эндокриндік, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге зақым келтіруі мүмкін.

"Экология жизненного пространства" зертханасының директоры, эколог-сарапшы Антон Ястребцев электромагниттік сәуленің зиянын қалай азайтуға болатынын айтты.

"Адам электромагниттік сәулелермен үнемі ұшырасады. Ол бірте-бірте орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Эндокриндік, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге зақым келтіруі ғажап емес. Электромагниттік сәулелерден құтылу қиын, өйткені біздің айналамыз электр құрылғыларына толы, алайда оның теріс әсерін барынша азайтуға болады", - деді Ястребцев.

Айтуынша, бұл үшін розетканы жерге тұйықтау қажет. Әйтпесе, тоққа қосылған кез келген құрылғы электромагниттік сәулелердің көзіне айналады. Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, катушкаға оралған ұзартқыштан шығатын электромагниттік сәулелердің де әсері өте күшті. Сондықтан оны сымдары шатасып кетпес үшін орамаған абзал және бір мезетте бірнеше құрылғы қосуға болмайды. Маман пәтердегі сәулеленудің ең күшті көзі электр қалқанынан тартылған сыртқы кабель екенін атап өтті.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.