Мемлекет басшысы Қарақат Башанованы құттықтады
«Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында жеңімпаз болған отандасымыз Қарақат Башанованы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
18:16 30.11.2020
«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша Қарақат Башанова 152 ұпай жинады. Ол гранд-финалда «Forever» әнін орындады. Аталмыш музыкалық композицияны Қарақат 5 жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!