Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа қатысты үкімнің күші жойылды
2020 жылы маусымда Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты іс бойынша 11 жыл және екі айға бас бостандығынан айырылған болатын.
09:37 01.12.2020
Қырғызстанның Жоғарғы соты елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа кесілген үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.
"Алдыңғы екі инстанцияның шешімі жойылды. Істі жаңадан қарау үшін Первомай аудандық сотына жіберілді", - деп РИА Новости сот кеңсесі өкілінің сөзінен үзінді келтірді.
2020 жылы маусымда Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты іс бойынша 11 жыл және екі айға бас бостандығынан айырылған болатын. Бішкек қалалық соты 14 тамызда бұл шешімді күшінде қалдырды.
Былтыр 7 тамыз күні кешке Қой-Тас ауылында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын өткізді, алайда оған экс-президенттің жақтастары тойтарыс берді. Келесі күні, 8 тамызда тәртіп сақшылары саясаткерді тұтқындады. Сондай-ақ оның бірнеше жақтасы қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!