Алматыда әйелін ұрып-соққан еркек видеоға түсіп қалған
Алматыда көршілері әйелін ұрып жатқан күйеуін видеоға түсіріп алған.
21:00 02.12.2020
Жазба Facebook-те «Не Молчи» қоғамдық қорының парақшасында шыққан. Оқиға кеше түнде «Премьера» тұрғын үй кешенінде болған.
«Бүгін түнде Алматыдағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде көрші тұратын ер адам тыныштықты бұзып, әйелін ұрып-соқты, есік қаққандарға мән бермеді. Бұл бірінші рет болып отырған жайт емес. Көршілері болып жатқан оқиғаны есіктің тесігі арқылы видеоға түсіріп алған»,– делінген жазбада.
Полиция департаменті жағдайға байланысты түсініктеме берді.
«Бұл дерек бойынша көршілерінен түнде тыныштықты бұзуға қатысты шағым түсті. Оқиға орнында тексеріс барысында бірге тұратын жұптың спирттік ішімдік ішіп, арты дауға ұласқаны белгілі болды. Алайда жәбірленуші дене жарақатын салу бойынша шағым түсіруден бас тартты. Түнде тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!