{metadescription}
Шымкентте жүйткіген көлік шұңқырға құлап, жүргізуші тіл тартпай кетті

Шымкентте жүйткіген көлік шұңқырға құлап, жүргізуші тіл тартпай кетті

Шымкентте жүйткіген көлік шұңқырға құлап, жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Оның көзіне арматура қадалып қалған. Ал жанындағы жолаушы ауыр хәлде ауруханада жатыр. Оқыс оқиға түнде болды. Жүйткіген "Тойота" былтырдан бері қазулы жатқан үлкен шұңқырға түсіп кеткен. Жүргізуші ордың жан-жағына қойылған ескерту белгісін де елемеген.

Жылу жүйесі жөнделіп жатқан тереңдігі бірнеше метр шұңқырға құлапты. Көлік тізгініндегі азаматтың көзіне құрылыс орнындағы арматура қадалған. Ауыр жарақат алған ол сол жерде бақилық болса, жанындағы жолаушы ауыр халде жатыр.

"Қанды ісік, кеудесі, көкірек қуысы, басы жарақаттанған. Тілге енді келді, түсіндіріп айта алмайды, не болғанын білмейді. Амнезия бар. Қандай жарақат алғанын, не болғанын білмейді", - дейді нейрохирург Әшірхан Жандарбеков.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.