{metadescription}
Павлодар облысында 26 жылқы мұз болып қатып қалған

Павлодар облысында 26 жылқы мұз болып қатып қалған

Павлодар облысында даладан жоғалған 26 жылқы табылды.

Барлығы суға түсіп, қатып қалған, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Ресми мәліметке сәйкес, Аққұлы аудандық полиция бөлімшесіне шаруа қожалығының басшысы арызданып, Қазы ауылынан 10 шақырым жерде жүрген 26 жылқының жоғалғанын айтқан. Бас кезінде малды өзі іздеп көрген. Алайда таба алмаған. Содан полициядан көмек сұраған.

"Полицияның жеке құрамы бірден жылқыны іздеуге кірісті. Көрші аудандарға да хабар берілді. Құқық қорғаушылар бірнеше мобильді топқа бөлініп, жақын жердегі жайылымдарды тінтіп шықты. Шаруа қожалықтары мен фермаларды да аралады. Куәгерлерден жауап алынды. Шамамен 20 полицей төрт көлікпен далада жоғалған малды іздеді", - дейді аудандық полиция бөлімінің басшысы Тасқын Бодиев. 

6 желтоқсанда іздеу нәтижесінде Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінен 26 жылқының мәйіті табылды. Жануарлар мұз болып қатып қалған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде