{metadescription}
Алматы облысында 20 жастағы жігіт екі баланы пышақтаған

Алматы облысында 20 жастағы жігіт екі баланы пышақтаған

Талдықорғанда бес жыл бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған күдікті ұсталды.

Оқиға 2015 жылдың 5 қаңтарында Талғар ауданының Жаңалық кентінде болған. Жігіт осы уақытқа дейін іздестірілуде болған. Сот іздеу жарияланған күдіктіге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдайды.

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде облыстық және аудандық криминалдық полиция ер адамның ізіне түсіп, оны Талдықорған қаласында ұстады. Ол бес жыл бойы әртүрлі өңірде тұрып, қара жұмыс істеген. Бірақ ресми түрде ешқайда жұмысқа орналаспаған. Талдықорғанға бірнеше күн бұрын ғана келген.

Қылмыстық іс бойынша басқа деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде