Балкон арқылы шығаруға тура келді: Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты
Ақтөбелік өрт сөндірушілер 57 адамды, соның ішінде 25 баланы құтқарды.
12:12 17.12.2020
Барлығы тоқсан адам, оның ішінде отыз бала эвакуацияланған. Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Құтқарушылар 90 адамды қауіпсіз жерге көшірді, оның отызы – балалар. Төтенше жағдай сәрсенбі, 16 желтоқсанда болған. Астана ауданы, Батыс-2, 15 б үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртенген. Өрт туралы хабар 101 пультіне шамамен сағат 16:18-де түсті.
"Қалалық өрт бөлімінің жеке құрамы дереу мекенжайға аттанды. Өрт сөндірушілер жеткен кезде, аумағы 50 шаршы метрлік пәтер жанып жатқан", - деп мәлімдеді департаменттен.
Өрттің неден тұтанғаны хабарланған жоқ. Тілсіз жау 16:53-те сөндірілді. Алдын ала мәліметке сүйенсек, өрт сөндірушілер 57 адамды, соның ішінде 25 баланы құтқарды. 90 адам эвакуацияланды, оның 30-ы – балалар. Өрт сөндірушілер 57 адамды құтқарды.
"Зардап шеккен бір адам жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, екіншісі облыстық ауруханада қаралып жатыр", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар тұрмыстық жағдайларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Өрт шықса, дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!