Үш қазақстандық әйел Қытай азаматтарына бала туып берді
Құқыққорғаушылардың мәліметінше, қазақстандық әйелдер Ресейде ақша үшін Қытай азаматтарына бала туып берген.
13:25 17.12.2020
Ресейде тұратын Қазақстанның үш азаматы суррогат ана атанды. Олар Қытай азаматтары үшін бала көтеріп, дүниеге әкелген. Жатырын жалға бергені үшін бір миллион рубль (6 миллион теңге) алған. Краснояр өңірі Тергеу комитетінің мәліметінше, РФ Қылмыстық кодексінің 127.1-бабы 2-тармағы бойынша (адамды сату-сатып алу) қылмыстық іс қозғалды.
"Болжам бойынша 2019 жылдың тамызында Қазақстанның 32, 27 және 34 жастағы азаматтары бір миллион рубль мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін балалардың биологиялық әкесі саналатын Қытай азаматтарымен жүктілік туралы келісімшарт бекіткен", - делінген хабарламада.
2020 жылдың сәуірінде "құрсақ аналар" екі ұл және бір қыз босанды. Артынша күдіктілер нәрестелерді бала күтушіге қалдырып, өздері Қазақстанға кетіп қалған. Қазір балалардың бәрі – мамандандырылған сәби үйінде. Сәбилердің биологиялық әкелері мен босанған әйелдер іздестірілуде. Медицина мекемелерінің қызметкерлерінен де жауап алынып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!