{metadescription}
Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, рекорд орнатты

Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, рекорд орнатты

IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл кездесуде Головкин өзіне тиесілі IBF және IBO белбеулерін қорғады. Бірінші раундтың соңына қарай Головкин польшалық боксшыны нокдаунға түсірді. Екінші және төртінші раундта да Шеремета нокдаунға бір түсіп алды. Кездесу толығымен Головкиннің басымдығымен өтті. 

Ал үшінші раундта Головкин шабуыл қарқынын төмендетіп, қарсыласының жұдырықтасуына мүмкіндік бергендей көрінді. Төртінші және жетінші раундтарда Польша боксшысы ауыр соққы алып, төреші есеп ашты. Ал 8-раунд басталар алдында Камил Шереметаның бапкерлері боксшысын шаршы алаңға шығарудан бас тартты. 

Осылайша, Головкин кәсіпқой рингтегі 41-ші жеңісіне жетті, оның 36-сын нокаутпен аяқтады. Бұдан бөлек еншісінде бір тең есеп пен бір жеңіліс бар. Ал Камил Шеремета карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін поляк 21 жекпе-жекті (5-еуі нокаутпен) жеңіспен аяқтаған еді.

Айта кетейік, GGG бұл жекпе-жектен кейін орта салмақ рекордын қойды. 1995-2005 жылдар арасында америкалық Бернард Хопкинс әлем чемпионы титулын 20 рет қорғап, рекорд қойған еді. Ал Шереметаға қарсы жекпе-жекте Головкин титулдарын 21-рет қорғап қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде