Kоронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды
19 желтоқсандағы коронавирус және COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөнінде жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдері.
11:20 19.12.2020
19 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 568 адам короновирус инфекциясынан (13 800 КВИ+ және 11 768 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 4 397 пациент стационарда, 21 171 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 259 адамның жағдайы ауыр
• 38 пациенттің жағдайы өте ауыр
• 39 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 86 адам жазылып шықты. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап науқастар саны - 44 360, өлім жағдайлары - 470, барлығы 32 122 адам сауығып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!