Өскемен аумағына келуге және кетуге тыйым салынды
Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары ұзартылды.
11:47 19.12.2020
«Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсандағы сағат 00.00-ден бастап 2021 жылғы 4 қаңтардағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын», - делінген Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында.
Сонымен қатар, облысаралық және халықаралық автобус, шағын автобус тасымалдарының жұмыс істеуіне тыйым салынған. Сондай-ақ, азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына (–н) келуіне/кетуіне тыйым салынған.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!