Таулы Қарабақты минадан тазартып жүрген офицер қаза тапты
Таулы Қарабақтың Шуша деген жерінде аумақты минадан тазартып жүрген орыс офицері қаза тапты.
12:55 19.12.2020
Бұл жайында Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі мәлімет таратты.
«17 желтоқсанда Шуша елдімекеніне жақын маңда жолды минадан тазартып жүргенде жарылғыш зат жарылған. Салдарынан Халықаралық минаға қарсы орталықтың офицері ауыр жарақат алды», - деп мәлім етті министрлік.
Ведомствоның дерегіне сенсек, әскери қызметкерге шұғыл медициналық көмек көрсетілген.
«Госпитальға апара жатқанда офицер жарылыстан алған жарақатынан қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның отбасына бүкіл тиісті көмек пен қолдауды көрсетеді», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!