{metadescription}
Бішкекте жойқын жарылыс болды

Бішкекте жойқын жарылыс болды

Бішкекте қару-жарақ дүкенінде жарылыс видеоға түсіп қалды. 

«Таргет» қару-жарақ дүкенінде шыққан өрт салдарынан Ахунбаев пен Набережная көшелерінің қиылысында жылыту қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 57 жастағы марқұм «Таргет» дүкенінің сатушысы болған. Өрттің шығу себептері анықталуда», – деп хабарлады ІІБ.

Жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға болған жерден қоңырау 10:11-де келіп түскен. Бес бала мен екі ересек адам зардап шеккен. Төтенше жағдай түнде болған. Төрт бала қалалық балалар клиникалық ауруханасында жатыр, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Бір бала, ер адам және бір әйел № 4 қалалық ауруханада.

«Әйел реанимацияда, күйеуі орташа ауыр жағдайда. Бала мен ер адам аурухананың күйік бөліміне жатқызылды. Ер адамда күйік, сыну және жабық ми жарақаты бар. Балада аралас жарақат: бірінші және екінші дәрежелі күйіктер», – делінген хабарламада.

Өрттің шыққанын желіге видео салған куәгерлер хабарлаған. Ол жерге үш өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Тілсіз жау сағат 11:27-де ауыздықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.