ШҚО-да жаңа жылда мейрамханалар жабылмайды
Жаңа жыл қарсаңында ШҚО дәмханалары мен мейрамханалары таңғы төртке дейін жұмыс істейді.
17:42 19.12.2020
2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 қаңтарына қараған түні қоғамдық тамақтану нысандарына сағат 07.00-ден 04.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бірақ орын саны 50%-дан аспайды, көршілес үстелдер мен экстремалды орындар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Ешқандай жаңажылдық ұжымдық (корпоративті) іс-шаралар, конкурстар өткізуге болмайды. Үстелден тұрып, билеуге де рұқсат жоқ. Әрбір үстелде отыратын адам саны 6-дан аспауы тиіс.
«Сонымен қатар 2021 жылдың 2 қаңтарында қоғамдық тамақтану орындары үшін бұрын белгіленген жұмыс уақыты: сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін қалады. 2021 жылдың 3 қаңтарында бұл нысандардың жұмысы тоқтатылады», - делінген облыстық бас санитардың қаулысында.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!