Aуруханада шыққан өрттен 8 адам мерт болды
Түркияда сегіз адам ауруханада оттегі аппаратының бұзылуынан шыққан өрттің құрбаны болды.
19:04 19.12.2020
Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында орын алған. Газиантеп университеті ауруханасының коронавируспен ауыратын науқастарға арналған реанимация бөлімінде өрт шыққан.
COVID-14-тен емделіп жатқан аурухананың тағы 19 пациенті басқа медицина мекемелеріне ауыстырылды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, полиция келеңсіз жайға қатысты тергеу жүргізуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!