{metadescription}
Шымкентте әйел зорламақ болған ер адам видеоға түсіп қалды

Шымкентте әйел зорламақ болған ер адам видеоға түсіп қалды

Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болып жатқан әрекеті видеоға түсіп қалған.

Бұл туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады.  

"Кеше Шымкент қаласында әйел зорламақ болған адамның әрекетіне қатысты материал жарияланды. Бірақ оның ұсталғаны немесе ұсталмағаны туралы ақпарат жоқ. Толық ақпарат беруді өтінеміз, адамдар алаңдап отыр", - делінген қоғамдық қордың Шымкент қаласының полиция департаментіне жолдаған өтінішінде.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 17 желтоқсанында сағат 23:15 шамасында Еңбекші аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміндегі "102" пультіне әйелге көмек керек деген шақырту түскен.

"Келген жедел-тергеу тобы 1950 жылы туған әйелді анықтады, белгісіз адам үйдің кіреберісінде зорламақшы болған. Сол күні аталған факті зорлау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қабылданған шаралармен күдікті адамның жеке басы анықталды. Ол бірнеше рет сотталған Шымкент қаласының тұрғыны", - деп хабарлады полициядан.

Күдіктіні ұстауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде