Павлодар облысындағы жол апаты салдарынан 5 адам қаза тапты
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Павлодар - Қызылорда тас жолында жаппай жол апаты салдарынан қаза тапқандар туралы деректерді ұсынды.
10:04 21.12.2020
"Шамамен 35, 40 және 45 жастағы үш ер адамның, 40 жастағы әйелдің және бес жастағы баланың биологиялық өлімі тіркелді", - деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Жаппай жол апаты салдарынан жарақат алған тағы бір әйел ауруханаға жатқызылды.
"1986 жылы туған науқас. Оған жабық бас жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай аймағының көгерген жарасы, кеуде қуысының жарасы диагнозы қойылды. Сондай-ақ, оған жамбас пен кеуде қуысының жабық сынуы диагнозы қойылған. Зардап шегуші Екібастұз қалалық ауруханасының травматология бөлімшесінде жатыр", - деді Темірғалиева.
Еске салайық, 20 желтоқсанда, сағат 13:00 шамасында республикалық маңызы бар Павлодар-Қызылорда автожолының 201-ші шақырымында нашар көріну жағдайында үш автокөлік соқтығысқан: Subaru Outback, Lada Granta және Тоyоtа Самгу.Жол апаты салдарынан оқиға орнында Lada Granta автокөлігінде болған бес адам қаза тапты. Бұл жүргізуші және төрт жолаушы, олардың бірі - жас бала. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы және қаза болғандардың жеке басы анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!