Алматы маңында 150 теңге үшін автобус жүргізушісін ұрып кеткен
Алматы облысының Жетіген станциясында автобус жүргізушісін 150 теңгеге ұрып тастаған.
11:39 21.12.2020
Бұл оқиға туралы Facebook-тегі қолданушы Бақытжан Рысбаев жазды.
"Бүгін күндіз № 220 маршруттың жүргізушісіне Жетіген ауылының бірнеше жас жігіт қарақшылық шабуыл жасады. Жүргізушіні ұрып-соғып, қабырғаларын сындырып, барлық ақшаны алып кетті", - делінген жазбада.
Автордың сөзіне қарағанда, полиция кінәлілерді іздеуде дәрменсіздік танытып отыр. Бақытжан Рысбаев оқиғаға 150 теңге себеп болғаны атап өтті.
"Куәгерлерден жауап алуды сұраймыз!", - деп қосты автор.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!