{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан тағы тоғыз адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан тағы тоғыз адам қайтыс болды

Елімізде бірінші тамыздан бастап 44 414 адам пневмонияға шалдығып, 475 адам қайтыс болды.

33 228 адам жазылып шықты. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы мен коронавирус белгілері бар пневмонияға қатысты соңғы деректерді жариялады. Министрліктің хабарлауынша, бір тәулікте коронавирустан сегіз адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте 29 адам пневмониямен ауырып, 45 адам жазылып шықты. Ал бірінші тамыздан бастап 44 414 адам пневмонияға шалдығып, 475 адам қайтыс болды. 33 228 адам жазылып шықты. Өткен тәулікте 652 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Пандемия басталғалы 147 236 адам инфекция жұқтырды, 131 606 адам сауығып шықты, 2 194 адам қайтыс болды.

21 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 147 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр: 4 375 науқас стационарда, 20 772 науқас амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандар арасында 249 адамның жағдайы ауыр, 47 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.