{metadescription}
Қатаң локдаун жарияланды

Қатаң локдаун жарияланды

Ұлыбританияда табылған SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түрі бүкіл елге тез тарап жатыр.

Бұл туралы Англияның бас дәрігері Крис Уитти мәлімдеді. Оның айтуынша, вирустың бұл мутациясы таралу жылдамдығы бұрыннан белгілі штамнан жоғары болуы мүмкін. Бірақ оның өлімге әкелуі немесе вакциналар мен емнің әсеріне ықпал етуі туралы ешқандай дәлел жоқ.

Уитти Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланған мәлімдемесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына бұл жағдай туралы хабарланғанын атап өтті. Кейін Англияның бас дәрігерінің мәлімдемесін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон растады. 

"Біз әлі көп нәрсені білмейміз. Алайда, жаңа түрі аурудың неғұрлым ауыр ағымын тудыратыны туралы ақпарат жоқ", - деді ол.

Борис Джонсон қатаң локдаунды жариялады. Ұлыбритания билігі алғаш рет коронавирустың жаңа нұсқасы табылғанын 14 желтоқсанда хабарлады. Лондонның мәліметінше, оны ең көп жұқтырған науқастар Англияның оңтүстік-шығысында тіркелген. 

VUI2020/12/01 деп аталатын жаңа штаммның тез таралуына байланысты Ұлыбритания үкіметі 20 желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы шараларды едәуір күшейтті.

"Егер вирус шабуыл тәсілін өзгертсе, біз қорғаныс тәсілімізді өзгертуіміз керек", - деді Джонсон.

Үкімет басшысы елордада және Англияның оңтүстік-шығысындағы көптеген аумақта жаңа, 4-ші шектеу деңгейі енгізілетінін айтты. Джонсонның айтуынша, бұл деңгейдің негізінде Рождествода басқа отбасылармен кездесуге тыйым салу жатыр.  Азық-түлік емес дүкендер, спортзалдар, шаштараздар, косметикалық студиялар, тату-салондар қайтадан жабылады. Англия халқының үштен бір бөлігі тұратын шектеулердің төртінші деңгейі енгізілген аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынады. Жаңа шаралар кем дегенде екі аптаға созылады.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.