30 жасын тойлаған ер адам достарының сәтсіз қалжыңынан көз жұмды
Туған күнін катерде тойлаған жігіттің достары масаң күйге түскен соң, қызық үшін оны суға лақтырған.
12:39 21.12.2020
Ұлыбритания азаматы Саймон Холдер достарының сәтсіз әзілінен көз жұмды. Ер адам туған күнін катерде тойлаған. Масаң күйге түскен құрдастары қызық үшін оны суға лақтырған. Саймон судан сүңгіп шығып, катерге мінуге тырысып жатқанда, оның аяғын айналып тұрған винт іліп кетеді. Оны құтқару үшін катерді тоқтатуға тура келген.
Ауыр жарақат алған Холдер шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады. Жарақат салдарынан көп қан кеткендіктен, ол көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz. Полиция қайғылы оқиға бойынша тергеу шараларын жүргізіп, "ер адам жазатайым оқиғаның нәтижесінде қайтыс болды" деген шешімге келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!