{metadescription}
Атырауда інісінің тойына келген төрт баланың анасы көз жұмды

Атырауда інісінің тойына келген төрт баланың анасы көз жұмды

Екі күн бұрын үйлену тойын өткізген жігіт Ақтаудан тойға келген әпкесі мен оның балаларын шығарып салу үшін теміржол вокзалына алып бара жатқан.

Атырауда жол апаты салдарынан екі адам қайтыс болды. Жол апаты 19 желтоқсанда Атырау-Индер тасжолында болды, қатты жылдамдықпен келе жатқан Lada Priora аударылып кеткен. Салдарынан 32 жастағы жүргізуші мен оның 38 жастағы әпкесі оқиға орнында көз жұмды. Көлікте олардан басқа төрт бала болған, олар аман қалды.   

"Ресми емес мәліметке сәйкес, жүргізуші екі күн бұрын үйлену тойын өткізген және трагедия болған күні таңертең ол Ақтаудан тойға келген әпкесі мен оның балаларын шығарып салу үшін теміржол вокзалына алып бара жатқан", - делінген хабарламада.

Жол апаты фактісі бойынша сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.