Шымкентте подъезде әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды
Шымкентте әйелді зорламақ болған күдікті қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде ұсталды.
15:13 21.12.2020
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің брифингі кезінде белгілі болды. Полиция қызметкерлері қаскөйді анықтау және оны тұтқындау үшін бірқатар шаралар қабылдады. Нәтижесінде 20 желтоқсанда ол ұсталды. Ол 1985 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысынд күдікті жәбірленушінің сыртқы киімінің қалтасынан шамамен 8000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлап кеткен.
"Айып тағылғаннан кейін ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта күдікті Шымкенттің полиция департаметінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Ер адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тағайындалған сараптамалар мен тергеу шараларының нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.
Еске салайық, мұның алдында Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адамның видеоға түсіп қалғаны туралы хабарлағанбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!