{metadescription}
ШҚО-да пәтерден 3 ер адамның денесі табылды

ШҚО-да пәтерден 3 ер адамның денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысында атыс қаруымен аса ауыр қылмыс жасалған, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

21 желтоқсанда Курчатовта аса ауыр қылмыс жасалған. Қаладағы пәтерлердің бірінен 3 ер адамның денесі табылған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша кінәлі тұлға (марқұмдардың бірі) қылмыс жасағаннан кейін өзіне-өзі қол жұмсаған. Қайтыс болған ер адамдардың жеке басы анықталды. Олардың барлығы – Курчатов қаласының тұрғындары», - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мадиев.

ҚР ҚК 99-баптың 2-тармағы бойынша («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды. Сонымен қатар, полиция әлеуметтік желілерде жарияланған қала көшелерінде болған оқиға туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде