{metadescription}
Алматы облысында алғашқы беби-бокстар қойылды

Алматы облысында алғашқы беби-бокстар қойылды

Алматы облысы Есік қаласында "Үміт бесігі" атты тастанды балаларға арналған арнайы орын пайда болды.

Аурухана директоры Жәмилә Әбеуова беби-бокстардың жанында бейнебақылау камералары болмайтынын, барлығы құпия болатынын атап өтті. Ол балаға қажет медициналық көмек бірден көрсетілетінін жеткізді.

"Әйел баланы өмірге әкеліп, қиын жағдайда қалғанда, баладан бас тартқысы келсе, баланы тәрбиелеуге мүмкіндігі болмаса, моральдық жағынан баланы отбасында тәрбиелей алмаса, беби-боксқа келе алады. Мұнда бейнебақылау камерасы болмайды, оның баланы осында қалдыруға мүмкіндігі бар. Анасында 3 ай ойланып, баласын алуға мүмкіндігі бар", - дейді Әбеуова.

"Үміт бесігінде" балаларды арнайы жатқызып қоятын ыңғайлы орын болады, ары қарай сәби тікелей дәрігер бақылауында алынады. Беби-бокстың видеосын Нұркен Халықберген Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.