{metadescription}
Сауықтыру массаж орталығы атын жамылған притон анықталды

Сауықтыру массаж орталығы атын жамылған притон анықталды

Алматыда Медеу ауданындағы зәулім үйлердің бірінде сауықтыру массаж орталығы атын жамылған элиталық жезөкшелері бар бордель жұмыс істеген.

Оны Алматылық полицейлер қалада жедел іс-шаралар жүргізу барысында анықтады. Белгілі болғандай, притон қызметкерлері тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Тексеру кезінде 23 жезөкше ұсталды.

"Жалпы, бұл бизнесті алға жылжытатын негізгі алаңдар - хабарландырулар, танысу сайттары және танымал мессенджерлер. Мысалы, бұл жеңіл жүрісті әйелдер өз істерін сауықтыру массажымен жамылды. Жалпы, түнде 23 жеңіл жүрісті әйел ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді, олардың үшеуі Өзбекстаннан келді, қалғандары - біздің отандастарымыз, негізінен Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Әкелінген әйелдердің жеке басы заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілді", - деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде