{metadescription}
Екі мың әскери қызметкер коронавирус жұқтырып, 10-ы қайтыс болды

Екі мың әскери қызметкер коронавирус жұқтырып, 10-ы қайтыс болды

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда екі мыңнан астам әскери қызметкер коронавирусты жұқтырды. 

Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

"Армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, бұл жалпыға ортақ қайғы, коронавирус пандемиясы Қарулы күштерді айналып өтпеді. Пандемия басталғалы Қарулы күштерде екі мыңнан аса адам осы инфекцияны жұқтырды. Олардың ішінде қазір 100-ге жуық адам емделіп жатыр, қалғандары жазылып шықты", - деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол сондай-ақ пандемияның барлық кезеңінде коронавирус індетінен Қарулы күштердегі 10 адам қайтыс болғанын айтты.

"Оның бесеуі әскери қызметкер, бесеуі мемлекеттік қызметкер. Олардың бесеуі коронавирус індетінен, бесеуі өкпе қабынуынан қайтыс болды. Егер Қарулы күштердегі індет жұқтырғандардың жалпы саны 2200 болса, әскерге шақырылушылардың саны бірнеше жүзге жуықтайды. Олардың 80 пайызы симптомсыз, 20 пайызының симптомы бар",- деді министр.

Министр әскерде маска тағу, бөлмені тазалау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормативтер енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Қарулы күштерде қол алысуға тыйым салынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.