Ақмола облысында інісі ағасын пышақтап тастады
Ақмола облысының тұрғыны туған ағасына пышақ сұғып алды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
15:51 22.12.2020
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Атбасар АПБ кезекші бөліміне медицина қызметкерінен аудандық аурухананың қабылдау бөліміне оң жақта көкірек қуысында пышақ жарақаты бар мас күйінде 41 жастағы ер адамның түскені туралы хабарлама келіп түскен.
«Анықталғандай, ер адамға туған ағасы пышақ салған. Жәбірленушін анасы және інісімен бірге тұрады. Ер адам жұмыстан үйіне келгенде шешесі мен інісі арақ ішіп отырған. Оларға жәбірленуші де қосылады. Кейін сөзге келіп қалған ағасы інісіне жұдырық ала жүгіреді, ал інісі болса пышақ сұғып алады. Ер адамдар бұрын сотталмаған. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай дәйектер алынды», - дейді ведомстводан.
Қазіргі кезде, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106- бабы1 бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!