Қостанай облысында әйел контейнер ішінде жанып кетті
Қостанай облысында жол жиегінде тұрған вагон контейнері өртеніп, 1967 жылы туған әйел қаза болды.
Фото: Қостанай облысы ТЖД
17:45 22.12.2020
20 желтоқсанда таңғы сағат 5 шамасында Арқалық-Торғай тасжолын жөндеумен айналысатын жол ұйымына тиесілі екі жеке контейнер типтегі вагоннан өрт шықты. Оқиға салдарынан бір әйел қайтыс болды. Өртенген контейнер жол жөндеуші мердігер ұйымға тиесілі. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Алдымен вагон ішіндегі кереует жанған. Алдын ала болжам бойынша өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан болған. Өртеніп жатқан контейнер ішінле 1967 жылы туған әйел қалып қойған. Ол мердігер ұйымның аспазы болуы мүмкін. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!