Тойдан қайтып келе жатқан отбасының 6 адамы көз жұмды
Қырғызстанда жол апатынан 8 адам көз жұмды, оның алтауы бір отбасының мүшесі.
18:38 22.12.2020
20 желтоқсан күні Бішкек — Нарын — Торугарт тасжолында Volkswagen мен KIA бетпе-бет соқтығысқан. Volkswagen көлігінде бір отбасы тойдан қайтып келе жатқан. Автокөлікте 8 адам болған, олардың алтауы көз жұмды: 35 жастағы жүргізуші, жүргізушінің 26 жастағы әйелі, 63 жастағы жүргізушінің әкесі, 58 жастағы жүргізушінің анасы, жүргізушінің 7 жасар қызы, жүргізушінің екі жасар баласы ауруханада қайтыс болды.
Volkswagen-нің екі жолаушысы Тоқмақ аумақтық ауруханасына жеткізілді – жүргізушінің үш жасар қызы мен 41 жастағы апасы. Дәрігерлер екі науқас та жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. KIA көлігінде үш адам болған. 29 жастағы ер адам мен 54 жастағы әйел көз жұмды. 28 жастағы жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді – оның жағдайы қанағаттанарлық.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!