{metadescription}
Елордада жаппай төбелес кезінде екі адам мерт болды

Елордада жаппай төбелес кезінде екі адам мерт болды

Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелес салдарынан екі ер адам қаза тапты.

"22 желтоқсанда сағат 23.30-да "102" арнасына Бетон зауытының аумағында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Төбелес салдарынан ауруханаға екі ер адам жеткізілді. Біреуіне кеуде тұсынан оқ тиген, екінші адам қарын тұсынан пышақ салынған. Екеуі де көз жұмды", - делінген елорда полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаза болғандардың кім екені анықталды, олар - Қызылорда облысының 39 және 44 жастағы тумалары. Кейін ауруханаға тағы бір жаппай төбелеске қатысушы - 24 жастағы атыс жарақатын алған жігіт жеткізілді.

"Жанжал араздасушылардың бірі қарызын қайтармауы салдарынан туындаған. Соңы төбелеске ұласып, пышақ және атыс қарулары қолданылған. Оқиғаның қатысқан 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99 - бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде", - деп толықтырды құқық қорғау органында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.