{metadescription}
Алматыда бизнес-орталық өртенді

Алматыда бизнес-орталық өртенді

28 желтоқсанда Алматыда бизнес-орталықтың үшінші қабатынан өрт шықты.

Алматыдағы өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. 28 желтоқсанда сағат 12: 27-де Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 286/4 үй мекен-жайына түскен қоңырау бойынша өрт сөндірушілер 6 минутта келіп жеттті. Олар жеткенде төрт қабатты ғимараттың үшінші қабатындағы кеңсе жанып жатқан.

Газ бен түтіннен қорғау қызметінің звеносы өрт болған аумақта адамдар бар-жоғын білу үшін тексеру жүргізді, өрт ішінен адамдар табылған жоқ. Өрт сөндірушілер 15 минуттың ішінде (12: 48-де) 30 шаршы метрге жайылған өртті сөндірді.

"Қабылданған шаралар өрттің жоғарғы қабат пен оның жанындағы бөлмелерге таралуына жол бермеді. Өрт кезінде ғимаратта адам болған жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде