Бортында 19 адам болған ресейлік кеме теңізге батып кетті
Бортында 19 адам болған ресейлік "Онега" балықшылар кемесі Баренцово теңізінде батып кетті.
16:52 28.12.2020
19 адамның екеуін басқа кемедегілер құтқарып қалыпты. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қалған 17-сі із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында. Алдын ала болжам бойынша олардың аман қалуы мүмкін емес.
Кемеде болған балықшылардың көбі ресейлік азаматтар көрінеді. Ауа райының салдарынан қазір әуе құтқарушыларын тарту мүмкін болмай тұр. Ресейдің ТЖМ мәліметінше, кеменің суға кетуне мұздың қатуы себеп болған сыңайлы.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!