Пандемия әлі аяқталған жоқ – Министрлік алдағы мерекеде сақ болуға шақырды
Жаңа жыл қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі халықты қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
17:44 28.12.2020
«Жаңа жыл қарсаңында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алуға шақырамын. Атап айтқанда халық көп жиналатын орындарға бармай, ұжымдық іс-шараларға, корпоративтерге бармау керек. Тоңып қалғаннан сақтанған жөн. Сонымен бірге өзіңізді және туыстарыңызды қауіпке ұшыратпас үшін заманға сай құттықтау үшін қашықтан байланысуға мүмкіндік беретін құрылғыларды пайдалану керек», - деді деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, министрліктің өкілі бұл күнді туған-туыстардың ортасында қарсы алуға шақырды.
«Құрметті қазақстандықтар! Пандемия әлі біткен жоқ. Әрбіріміз қазіргі жағдайда үлкен жауапкершілікті сезіне білуіміз керек. Алдағы мереке күндері эпидемиологиялық ахуалдың ушықтырмауы тиіс», - деді ол.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!