Mамандар үйге Аяз ата мен Ақшақарды шақырмауға кеңес берді
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Аяз ата мен Ақшақарды жаңа жыл қарсаңында үйге шақырудың қажеті жоқ екенін айтты.
18:49 28.12.2020
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер жаңа жыл кешіне Аяз ата мен Ақшақарды неге шақыруға болмайтынын сұрады.
«Эпидемиологиялық ахуал күрделеніп кетпес үшін барлық шара қабылданып жатыр. Қаулыда және Ведомствоаралық комиссияда көрсетілгендей, корпоративті шаралардың бәріне шектеу қойылған. Тиісінше Ақшақар мен Аяз атаны шақыруға болмайды. Себебі олардың індетті жұқтырғанын немесе жұқтырмағанын білу мүмкін емес. Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырғандардың 30 пайызы симптомсыз екенін атап өткім келеді», - деді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша бүгінгі таңда инфекцияның таралу қаупі күшейіп барады.
«Біз оның қалай болатынын білеміз ғой: Ақшақар мен Аяз ата бірнеше үйді аралап, ұжымдарға барады. Бұл тұрғыда инфекцияның таралу қаупі де арта түседі. Сол себепті бұл шара эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Жаңа жыл мерекесі кезінде бұған дейін айтылған шараларды ұстанудың маңызы зор», - деді Айжан Есмағамбетова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!