{metadescription}
Назарбаев қорғаныс министріне тапсырма берді

Назарбаев қорғаныс министріне тапсырма берді

Ермекбаев Елбасыға 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері туралы баяндады.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Сонымен бірге қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде