Қарағандыда бейтаныс адам отбасылық мерекеге келіп, зергерлік бұйымды ұрлап кетті
Қарағандыда бейтаныс ер адам отбасылық мереке өтетін пәтерге қонақ ретінде кіріп, үй иесінің алтын сақинасын ұрлап кеткен.
09:36 29.12.2020
Зергерлік бұйымдар сөреде жасырылған, бірақ бұл ұрының жағдайды пайдалануына кедергі болмады. Үйде көптеген қонақтар болған, бірақ шақырылған қонақтар да, үй иесі де қаскүнемнің әрекетін байқамаған. Шығын сомасы 200 мың теңгені құрады.
60 жастағы әйел әшекейі жоғалғанын анықтағаннан кейін бірден полицияға өтінішпен жүгінді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкері күдіктіні – 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.
Ұсталған адамға 1 000 АЕК – ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу - 2 778 000 (шамамен 6 615 доллар) немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!