{metadescription}
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын білім алу мақсатында қолдана алмайтын болды

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын білім алу мақсатында қолдана алмайтын болды

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын білім алу мақсатында шешіп ала алмайды.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, білім алу мақсатында қаражаттты қолдану мәселесі бір жыл бойы қарастырылған.

"Зейнетақы жинағын алу арқылы осы қызметті көрсетудің маңыздылығын ескере отырып, білім беру мәселесі қолдау таппады және бүгінгі күні қарастырылмайды", - деді Сарбасов ОКҚ баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, вице-министр қазіргі уақытта мемлекет елде тегін білім алу үшін жеткілікті гранттар беретінін атап өтті.

"Білім беру мәселелері бойынша қазіргі уақытта мемлекет азаматтардың тегін білім алуы үшін жеткілікті көлемде гранттар ұсынады. Бұл, соның ішінде жинақтаудың несиелік тетіктері арқылы да табысты іске асырылуда", - деді Сарбасов.

Сарбасов қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын білім алу мақсатында пайдалана алмайтынын нақтылап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.