Атырау облысында сушиден тағы 8 адам уланған
Атырау облысындағы Жылыой аудандық орталық ауруханасына сушиден уланған тағы 8 адам түсті.
15:13 29.12.2020
Атырау облысында сушиден жаппай уланғандар адамдардың саны 29 адамға жетті. Олардың бәрі де медициналық мекеме қызметіне жүгінген. Ал дүйсенбіде дәрігерлерге шағымданғандар саны 16 адам болатын.
«Бүгін Жылыой аудандық орталық ауруханасына тағы 8 адам келіп қаралды. Дәрігерлер оларды ауруханаға жатқызды. Қазір улану диагнозымен ауруханада 29 адам емделіп жатыр», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Жылыой ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев оларға тамақтан улану диагнозы қойылғанын айтты. Жалпы, ауруханаға жатқызылған науқастардың хәлі орташа ауыр жағдайда. Қазіргі кезде құқық қорғау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары бұл факті бойынша тергеу жүргізуде.
Айта кетейік, 28 желтоқсанда Құлсары қаласында азаматтардың жаппай уланғаны белгілі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!