{metadescription}
Ер адам өгей баласын ұрып-соғып, 30 градус аязда жалаң аяқ қалдырған

Ер адам өгей баласын ұрып-соғып, 30 градус аязда жалаң аяқ қалдырған

Чита тұрғыны өзінің төрт жасар өгей баласын ұрып-соғып, 30 градус аязда бірнеше сағат бойы жылытылмаған гаражға қамап тастаған. 

Тергеу мәліметтері бойынша, 28 желтоқсанға қараған түні ресейлік азамат баланы кішігірім бұзықтық жасағаны үшін ұрып-соққан. Содан кейін ер адам кішкентай баланы гаражда жалғыз қалдырған. Бүлдіршін жалаң аяқ болған, жеңіл трико мен футболка киген. Бірнеше сағат бойы қамауда болған баланың қол мен аяғын үсік шалған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, онда дене жарақаттары да табылды.

Баланың анасы оқиғадан кейін құқық қорғау органдарына жүгінді. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, оған "жас баланы өлтіруге оқталу"бабы бойынша айып тағылды. Бұған дейін ер адам құқық қорғау органдарының назарына ілікпеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде