{metadescription}
Қазақстанда 2021 жылы ең төменгі жалақы қанша болады

Қазақстанда 2021 жылы ең төменгі жалақы қанша болады

Бұған дейін еңбек министрлігі 2025 жылға дейін ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңмен арттыруды көздеп отырғанын айтқан еді.

2021 жылы ең төменгі жалақы сол 42 500 теңге мөлшерінде қалады. Елдегі ең төменгі жалақы өзгерген жоқ. 2021 жылы ол 42 500 теңгені құрайды. Ал жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) өсті. Енді 1 АЕК 2 917 теңгеге тең.

Былтыр 1 қаңтардан ол 2 651 теңге болса, 1 сәуірден 2 778 теңгеге дейін ұлғайды. Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болып бекітілді. 2020 жылы 32 668 теңгені құраған болатын. 2020 жылы жазда еңбек министрлігі 2025 жылға дейін ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңмен арттыруды көздеп отырғанын мәлімдеген еді. Министр Біржан Нұрымбетовтің пікірінше, ең төменгі айлықты елдегі орташа жалақының 30-40%-не жеткізу қажет.

"Қазір 200 мың теңгенің 42 500-і – шамамен 21%. Егер елде орташа жалақы өссе, ең төменгі айлық та ұлғаюы керек. Мәселен, егер бізде орташа еңбекақы 400 мың теңге болса, ең төменгі жалақы оның 30 пайызы, яғни 120 мың теңге болуы тиіс. Біз осылай болғанын қалар едік. Біз мұндай стандарттарға ұмтылуымыз қажет", – деген болатын ведомство басшысы.

Бұған дейін сенаторлар да ең төменгі жалақыны қазіргі өмір сүру талаптарына сәйкестендіруді ұсынды. Депутаттардың айтуынша, Қазақстандағы ең төменгі жалақы ЕАЭО-ға мүше Ресейден 34 мың, Беларусьтен 22 мың, Армениядан 13 мың, ал ТМД елдеріндегі Украинадан 35 мың, Молдовадан 25 мың, Әзербайжаннан 16 мың теңгеге төмен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.