Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты кейбір автобустар тоқтады
Тек елорда маңында ғана емес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында тас жолдарда қозғалыс шектелді.
15:19 03.01.2021
Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы City Transportation Systems көлік компаниясы Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30... – 38 градус) байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Қала маңына қатынайтын қалған бағдарлар линияда. Бұған дейін аязға байланысты Нұр-Сұлтаннан барлық бағыт бойынша шығуға шектеу қойылған еді. Шектеу 2 қаңтардан республикалық маңыздағы автожолдардың бағыттары бойынша енгізілді.
Қазақстанда қандай тас жолдар жабық
Екінші қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында тас жолдарда қозғалыс шектелді. Бұл өңірлерде ауа температурасы минус 35-38 градусқа дейін барады. Сол себепті тұрғындар алыс сапарға шықпағаны абзал. Қатты аяздан көлік бұзылып, адамдар жолда қалып қоюы мүмкін. Әсіресе, бұл дизель отынын пайдаланатын, жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілеріне қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!