{metadescription}
Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр

Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр

QazCovid-in вакцинасы наурызда жеткізіледі.

Содан кейін кезең-кезеңімен вакцинация басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар министр ресейлік "Спутник V" вакцинасының екі миллион дозасын жеткізуге қатысты келісім бар екенін атап өтті. Ол Қазақстанға субстанция түрінде жеткізіледі және кейіннен Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында өндіріледі.

"Яғни, екі миллион дозаға кепілдік беріліп отыр. Қазір бізде одан әрі жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Әзірге екі миллион дозамен шектеліп отырмыз. Жалпы шамамен 10 миллион адамға вакцина салу жоспарланған – бұл 55%. Біз науқастармен тікелей байланыста болатын негізгі топтарды анықтадық. Бұл 18 жастан 60 жасқа дейінгі азаматтар. Ресейлік вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықта әзірге 18-60 жас аралығындағылар қамтылған", - деп түсіндірді Цой.

Министрдің айтуынша, жас ауқымы ұлғайтылса, вакцинацияға қатысушылар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды Spunik.

"Ресейлік вакцина шамамен ақпанның үшінші онкүндігінде тіркелуі керек. Алдағы уақытта ол Қазақстанның аймақтарына жеткізіледі, содан кейін вакциналауды бастай аламыз", - деп толықтырды Алексей Цой.

Оның мәліметінше, қазақстандық QazCovid-in вакцинасы наурызда жеткізіледі. Содан кейін кезең-кезеңімен вакцинация басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде