Жаңа жыл тойлау салдарынан құстардың өлексері аспаннан жауған
Италияның астанасы Римде 1 қаңтарға қараған түні құстардың өлекселері төбеден жауа бастаған.
18:07 03.01.2021
Жүздеген торғайлар аспанға атылған отшашулардан қырылып қалған. Құстардың өлекселері қаланың бірнеше аудандарынан табылған. Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы құстардың қырылуына себеп Жаңа жыл мерекесіне орай атылған отшашулар екенін айтады. Құстар қатты жарқылдардан шошып өлген дейді сарапшылар.
Өз кезегінде итальяндықтар мұндай жайттан кейін мейрамды тойлағылары келмей қалғанын жарыса жазуда. Жануарларды қорғаушылар болса, жыл сайын отшашу атуға тыйым салуды сұрауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!