{metadescription}
Қазақстандықтар маскадан у табылғаны туралы ақпаратты талқылап жатыр

Қазақстандықтар маскадан у табылғаны туралы ақпаратты талқылап жатыр

Германияда Viral Protect компаниясы өндірген M және L өлшемді қара маскалардың бір партиясынан анилин табылды.

Қазақстандықтар Telegram арналарда Германияда медициналық маскадан қауіпті у – анилин табылғаны туралы ақпаратты талқылап жатыр. Желі қолданушыларының пікірінше, мұндай қорғаныс құралдарын пайдалану өте қауіпті және көптеген ауру тудыруы мүмкін. Бұл – манипуляция, деп жазды StopFake.

"Анилин Viral Protect компаниясы тіккен M және L өлшемді қара маскалардың бір ғана партиясынан табылды. Өндірушінің ассортиментінде анилин жоқ басқа да модельдер бар. Фирманың барлық атауы сертификатталған және қауіпсіз. Ықтимал қауіпті партия сатылымнан алынып тасталды",- делінген порталдың хабарламасында.  

Айта кетейік, химиялық заттардың шамадан тыс көп екенін растайтын сараптама әлі жүргізілмеді. Сондықтан маскалар улы болған деп айтуға негіз жоқ.

Анилин – улы зат, жоғары концентрацияда орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Алайда өндірісте аз мөлшерде және қажетті сақтық шараларын сақтай отырып, кеңінен қолданылады. Анилинді резеңке, гербицидтер мен бояғыштар шығару үшін пайдаланады. Онымен әртүрлі маталардан тігілген киімдерді бояйды. Сондай-ақ, джинсыға арналған бояғыштарда жиі кездеседі. Анилинге негізделген бояғыштар қарапайым дүкендерде сатылады және оны үйде қолдануға болады.

Тәркіленген масканың материалы дәл осындай бояумен боялған болуы мүмкін. Осылайша, мамандар медициналық маскалар аса қауіпті деуге негіз жоқ екенін мәлімдеді. Анилин масканың бір партиясындағы екі өлшемде ғана анықталған. Оның үстіне зат мөлшерінің рұқсат етілген нормадан асып кеткен-кетпегені белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.