{metadescription}
Джек Ма құрдымға кетті

Джек Ма құрдымға кетті

Alibaba негізін қалаушы, Қытайдың ең бай азаматтарының бірі Джек Ма екі айдан астам уақыттан бері көпшілік алдына шықпады.

Миллиардер Шанхайдағы сөйлеген сөзінде Қытайдың мемлекеттік банктері мен экономикалық реттеушілерін ломбардтармен салыстыра отырып сынға алғаннан кейін құрдымға кетті. Daily Mail газетінде Қытай билігімен қатынас шиеленіскен жағдайда Ма әлеуметтік медиада белсенділік танытпайтынын жазған. Оның жеке твиттер-аккаунтында соңғы жазба 10 қазанда, ал қайырымдылық қорының аккаунтында 30 қарашада жарияланған. Бұған дейін кәсіпкер, күніне бірнеше твит жазатын.

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, ҚХР билігі Alibaba Group қаржылық органы Ant Group-ты бөлуге мәжбүр етіп, Ма-ның бизнесіне бақылауды күшейтпекші. Егер бизнес бөлінетін болса, онда мемлекет бөлінген компаниялардың бірін сатып ала алады. Сол арқылы мемлекет Маның бизнесіне араласуға мүмкіндік алады және қадағалауын күшейеді.

Бірақ билік өз талаптарын айтпайды. Алайда Ма мен оның компанияларының басшылығына «бизнесті реформалау қажеттілігін түсіну» туралы үндеуімен жүгінеді. Блумберг түсіндіргендей, Бейжіңнің мұндай әрекеттерінің себебі технология алпауыттарына сақтықпен қарау.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде