{metadescription}
Павлодарда екі адам аязда үсіп қалды
Павлодарда екі ер адам аязда үсіп қалып, ауруханаға түсті.
14:40 04.01.2021
«1973 жылғы ер адам орташа ауырлықтағы жалпы үсіп қалу диагнозымен терапиялық бөлімге жатқызылды. Ол орташа деңгейде масаң күйде болған», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аязда үсіп қалған екінші ер адам – 1960 жылғы. Ол ауруханаға білегін ІІІ дәрежелі үсік шалу диагнозымен жатқызылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!