ШҚО-да әйелдер өртенген ғимараттың 4-қабатынан секірмек болды
Өскеменде Карл Либкнехт көшесі, 17 мекенжайында орналасқан облыстық репродуктивті медицина орталығынан өрт шықты.
19:46 11.01.2021
Куәгерлердің айтуынша, адамдар төртінші қабаттан секіріп түспек болған. Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды. Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, төртінші қабаттағы шатыр тұтанған.
Өрт болған жерден түсірілген видео мен фотосуреттер Instagram парақшаларында пайда болды. Кадрлардан төрт қабатты репродуктивті медицина орталығының түтіндеп жатқаны көрсетілген. Екі әйел жоғарғы қабаттан секіріп кетпек болды. Өрт сөндірушілер шұғыл түрде өрт шыққан қабаттағы адамдарды эвакуациялауға кірісіп, үш адамды құтқарды.
Сағат 17:09-да өрт ауыздықталып, 17:55-те толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы -200 шаршы метр. Өрт сөндіру жұмысына жеке құрамдағы 37 адам мен 12 арнайы көлік жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!