{metadescription}
Доллар бағамы өсті

Доллар бағамы өсті

Ұлттық банк 12 қаңтардағы доллар бағамын атады.

Америка валютасының ресми бағамы сейсенбіде 419,13 теңгеге тең болады. Айта кетейік, 9-11 қаңтарда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 418,96 болған. 

Kase биржасындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 419,18 теңгеге жетіп, бір күнде 0,20 теңгеге қымбаттады.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық доллар орташа есеппен 421,00 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу бағасы - 419,51 теңге.

Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пункттерінде америкалық валютаны 421 теңгеге сатып, 419,5 теңгеден сатып алады. Шымкенттің айырбас орындарында долларды 420,5 теңгеден сатып, 419,5 теңгеден сатып алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде